Германия канцлері Ангела Меркель Түркияда

Меркель Стамбұлда премьер-министр Ахмет Давутоғлумен басқосты.

355408
Германия канцлері Ангела Меркель Түркияда

Давутоғлу мен Меркель кеңсенің ауласы мен теңіз жағалауын аралады.
Премьер-министр неміс әріптесіне Стамбұл және тарихы түбек тұралы мағлұмат берді.
Аралау кезінде Стамбұл бұғазында жүзіп жатқан паромдар Давутоғлу мен Меркельді сигнал беріп сәлемдеді.
Давутоғлу мен Меркель кейін делегация аралық келіссөздер үшін жұмыс асыда басқосты.
Жұмыс асыға Сыртқы істер министрі Феридун Синирлиоғлу, Еуропа одағы министрі Берил Дедеоғлу, Түркияның Берлин өкілетті елшісі Хүсейин Авни Карслыоғлу, Әділет және даму партиясы төраға кеңесшісі Дурмуш Али Сарыкая, Сыртқы істер министрлігі кеңесшісі Мурат Салим Эсенли, премьер-министрлік Сыртқы істер кеңесшісі Кемал Өкем, Сыртқы істер министрлігі консулдық қызметі бас директоры өкілетті елші Мехмет Самсар да қатысты.
Жұмыс асының артынан президент Режеп Тайып Ердоғанмен басқосатын Меркельдің кешкі уақытта Германияға оралуы күтіледі.
Басшылар кездесуінде Сириядағы босқындар, Түркия Еуроодақ кезеңі және террор оқиғалары тақырыптарының күн тәртіпке келуі күтіледі.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар