ЕО-дан Түркияға «саудаластық»

Дональд Тусктан күтпеген ұсыныс келді.

392721
ЕО-дан Түркияға «саудаластық»

Еуропа кеңесі төрағасы Дональд Туск Түркияның ЕО-дан виза жеңілдігі сынды артықшылықтарды тек Еуропаға босқын ағынын азайтқанда ғана ала алатынын айтты.


Туск ЕО-ға мүше елдердің босқын дағдарысы талқыланатын жұма күнгі Брюссель саммиті қарсаңында басшыларға бір-бір хат жолдады.


Тусктің ЕО мемлекет және үкімет басшыларын жазған хатында қолданған сөздері Брюссельдің Анкарамен саудаластыққа дайындалғаны жөнінде белгі берді.


Туск хатында Анкара Сирия дағдарысы басталғалы бері талап етіп келе жатқан сенімді аймақ тақырыбын да саммит барысында күн тәртібіне келтіретінін айтты.


«Біздің аймақпен ынтымақтастығымыз бас тартылмас, бірақ бұл ұзын жол болады» деген Кеңес төрағасы қыс маусымы басталғандықтан баяулаған босқын ағынының көктем айларында қайтадан жылдамдайтынын айтып ескертті.


Дональд Туск «Анкарамен келіссөздің мақсаты - Еуропаға бағытталған босқын толқынына бөгет болу» деді.


«Ең ірі транзит ел Түркиямен келісу босқын ағынын азайтса жақсы болады. Жеңілдіктер тек осы мақсат жүзеге асса ғана заңды болады» деді ол.


Сонымен қатар босқын дағдарысында Түркиядан көмек күтетін Еуропа Одағынан бір делегация Анкараға келді.


Кездесулерде делегацияның іс-қимыл жоспары талқылануда. ЕО делегациясы Анкара әкімшілігінен күтетіндерін «Сириялық босқындардың тұрмыс шарттарының жақсартылуы, шекара бақылауының арттырылуы, заңсыз жолдармен Еуропаға өткендердің кері қабылдануы, паналау құқығын ала алмағандардың елдеріне жолдануы» деп тізіп көрсетуде.
Жобада орын алған тақырыптардың бірін Түркияның босқындарға көмегі үшін 2015-2016 жылдары 1 миллиард евро материалдық көмек уәдесі қалыптастырады.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар