30-ға жуық адам қаза тапты

126 адам жараланды.

390980
30-ға жуық адам қаза тапты

Түркияның бас қаласы Анкарада вокзал маңында жарылыс болды. Оқиғада 30-ға жуық адам қаза тапты. 126 адам жараланды.
Аймаққа көптеген жедел жәрдем көлігі жетті.
Жаралы азаматтар ауруханаларға жеткізілді.
Тарихи пойыз вокзалына зиян келді.
Жарылысты террористтердің жасағаны айтылуда.
Премьер-министр Ахмет Давутоғлу да оқиғадан кейін Ішкі істер министрі Селами Алтынок пен Денсаулықты сақтау министрі Мехмет Мүйеззиноғлунан мағлұмат алды.
Премьер-министр Давутоғлу кезектен тыс жиналыс өткізуде.
Қауіпсіздік саммитіне вице-премьер Ялчын Акдоған, Ішкі істер министрі Алтынок, Денсаулықты сақтау министрі Мүйеззиноғлу, Ұлттық барлау кеңесшісі Хака Фидан, Қауіпсіздік бас директоры мен Анкара әкімі қатысуда.

Президент Режеп Тайып Ердоған бүгінгі бағдарламаларын тоқтатты.
Республика халық партиясы басшысы Кемал Кылычдароғлу да бүгінгі барлық бағдарламасын кейінге шегерді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар