Ердоған Абэмен кездесті

Президент Ердоғанның Жапония сапары жалғасуда.

389890
Ердоған Абэмен кездесті

Президент Режеп Тайып Ердоған Жапония сапарының екінші күнінде премьер-министр Синдзо Абэмен кездесті.


Артынан өткізілген баспасөз мәслихатында екі жақты байланыстардың стратегиялық көлемін қолға алғандарын атап көрсеткен Ердоған:


«Халықаралық күн тәртіпте бас орында тұрған тақырыптарды, әсіресе террор тақырыбын сөйлестік. Осы тақырыпта құрметті досым Абэмен бірдей пікірдеміз» деді.


Бұдан бұрынғы жобалар, экономикалық және сауда қатынастарының түрік-жапон қатынастарының ең маңызды бөлшегін қалыптастырғанын атап айтқан президент Ердоған «Түркия биыл Үлкен 20-ның кезекті басшылығын атқаруда. Басшылар саммиті 15-16 қараша күндерінде Стамбулда болады. Осы саммитте Абэмен қайтадан кездесеміз» деді.


Президент Стамбулда құрылуы жоспарланған Түрік-жапон ғылым және технология университетінің инфрақұрылым жұмыстарының да жылдам жалғасуда екенін айтты.


«Ердоғанды елімізде қонақ қылғанымызға қуаныштымыз» деген Жапония премьер-министрі Абэ босқындар тақырыбында Түркияға алғыс білдірді. Абэ «Екі ел арасында технология ынтымақтастығы келісімін жасауға келістік. «Ертугрул» фрегатының қайғылы апатын баяндайтын фильм арқылы да мәдени байланыстарымыз күшейе түседі» деді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар