Түркияда 2 миллион босқын үшін шатыр кенттер құрылады

Президент Ердоғанның ұсынысы Еуроодақ басшыларынан қолдау көрді.

388333
Түркияда 2 миллион босқын үшін шатыр кенттер құрылады

Түркия газетінің басты тақырып ретінде берген хабарына қарағанда президент Режеп Тайып Ердоғанның «ашық есік» ұсынысы, Еуропа елдерінен қолдау көрді.
Ердоған ресми сапар аясында Брюссельде Еуроодақ комиссиясы төрағасы Жан-Клод Юнкер, Еуроодақ кеңесінің басшысы Доналд Туск және Еуропа парламенті төрағасы Мартин Шульцпен басқосты.
Тараптар босқын мәселесі үшін 4 баптан тұратын бір келісімді мақұлдады.
Бұған қарағанда Сириядан келуші босқындар үшін Түркия шекарасына 2 миллион тұрғынды қамтитындай 6 босқын лагері құруға шешім қабылданды. Лагерлердің қаржыландырылуы үшін Еуроодақпен ортақ бір қор құрылады.
Мұның артынан Анкара әкімшілігі Грекия мен болгария арқылы өтетін босқындардың жолын жабады.
Босқындардың ең маңызды және қауіпті өту бағыты болған Эгей теңізінде қауіпсіздік шаралары арттырылады. Түрік және грек теңіз күзету топтарының ортақ жұмыстары Еуроодақ шекара қауіпсіздігі кеңесі «Frontex» тарапынан ұйымдастырылады.
Келіссөздің соңғы бабына қарағанда Түркияның босқын жүгін жеңілдету үшін 500 мың босқын, қауіпсіз бір бағыттан өткендері Еуроодақ мемлекеттері тарапынан бөліседі.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар