"Еуропа Ердоғанға мұқтаж"

Guardian газеті Еуропаның президент Ердоғанға мұқтаж екенін жазды.

387776
"Еуропа Ердоғанға мұқтаж"

Guardian газеті Еуропаның президент Ердоғанға мұқтаж екенін жазды.


Ағылшын газеті босқын дағдарысы және террор ұйымы ДАИШ-пен күрес тақырыптарында Еуропаға президент Режеп Тайып Ердоғанның әдеттегіден де көп қажет екенін жазды.


Газеттің сыртқы саясат жазушысы Симон Тисдалл мақаласында «босқын ағыны, артып отырған ДАИШ терроры мен Ресейдің Сирияға шабуылы себебімен Еуропаның Ердоғанға әдеттегіден де көп мұқтаж екенін» атап көрсетті.


Түркияда 1,8 миллионнан астам сириялық босқын бар екеніне назар аударылған мақалада Еуропалық басшылардың босқын дағдарысына орай өткен ай Түркиядан көмек сұрағаны еске салынды. «Ердоғанның Еуропадағы босқын дағдарысына көмектесуге дайын яки дайын болуының Еуропаның қайтарымына байланысты екенін» жазған Тисдалл Анкара үкіметінің де Ресейдің Сирияға шабуылы жөнінде батыс елдерінің уайымына қосылатынын білдірді.


Жазушы президент Ердоғанның Сирияның солтүстігіне сенімді аймақ құру ұсынысын да еске салды. «АҚШ пен Ұлыбритания қазірге дейін қарсы шықты. Алайда орыс ұшақтарының шабуылдарында азаматтардың қаза табуы Ердоғанның ұсынысын нығайта түсті» деп жазды ол.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар