"ЕО-ға мүшелік-Түркияның стратегиялық таңдауы"

Президент Ердоған Брюссельде Бизнес форумға қатысты.

387864
"ЕО-ға мүшелік-Түркияның стратегиялық таңдауы"

Президент Режеп Тайып Ердоған Еуроодаққа мүшеліктің Түркияның ең маңызды халықаралық басымдығы мен стратегиялық таңдауы екенін айтты.


Бельгия королі Филипптің шақыруымен Брюссельде жүрген президент Ердоған Корольдық сарайындағы ресми қарсы алу рәсімінен кейін байланыстарын бастады.


Бельгия Компаниялар федерациясы тарапынан ұйымдастырылған жоғары деңгейдегі Бизнес форумға қатысқан президент Еуроодаққа мүшелік үдерісінде саяси кедергілердің жойылып, жаңа келіссөз тақырыптарының ашылуын сұрады.


Баяндамасында сириялық босқындар тақырыбына да тоқталған Ердоған «Халықаралық қоғамнан жүкті бөлісуді күтеміз» деді.
Түркияның қазір 2,2 сириялық босқынға қақпасын ашқанын атап көрсеткен президент: «Жұмсалған қаражат қазірге дейін 7 миллиард доллар. Бізге әлем елдерінен келген қолдау 417 миллион доллар ғана» деді.


Президент бүгін Еуропа парламенті төрағасы Мартин Шульц, ЕО кеңесі төрағасы Дональд Туск және ЕО комиссиясы төрағасы Жан-Клод Юнкермен кездесу өткізеді.


Президент кешке Egmont Институтындағы конференцияға қатысады.

 


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар