Премьер-министр Германияда

Давутоғлу консулдармен жиын өткізді.

386952
Премьер-министр Германияда

Премьер-министр Ахмет Давутоғлу Германияның Дюссельдорф қаласына барды.


Премьер-министр Германиядағы бағдарламасын сол елдегі бас консулдармен ақылдасу жиналысын өткізіп бастады.


Давутоғлу бас консулдарға жақындап қалған 1 қараша сайлауын еске салды, Германияда өмір сүретін түріктердің дауыс қолдануы үшін барлық мүмкіндіктің қамдалуына нұсқау берді.


Премьер-министр Ахмет Давутоғлу «Азаматтар кімге дауыс берсе берсін, олар басымыздың тәжі. Қай саяси көзқараста болса болсын, олардың еріктеріне құрмет көрсету – біз үшін демократияның негізі. Сіздердің, біздердің міндеті азаматтарымыздың саяси көзқарастарын білдіретін шарттарды қалыптастыр» деді.


Жиналыста айырықша Германияда өмір сүретін түріктердің проблемалары қолға алынды.


Премьер-министр Давутоғлу артынан Германияда тұратын түрік азаматтарымен бас қосады.


Давутоғлу бүгін кешке Түркияға оралады.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар