Ердоған Әл-Жазира арнасының сұрақтарына жауап берді

Президент ел мәселелерімен қоса әлем проблемаларына да тоқталды.

348977
Ердоған Әл-Жазира арнасының сұрақтарына жауап берді

Президент Режеп Тайып Ердоған Әл-Жазира араб теле арнасында бір бағдарламаға қатысып, сұрақтарға жауап берді.
Президент Ердоған 1 қараша күні болатын сайлауға байланысты президент ретінде 7 маусымға ұқсас көрініс қаламайтынын айтты.
Президент «Бұдан бұрын 12 жыл премьер-министрлік қызметін атқарған бірі ретінде жалғыз дара биліктің елімізге не беретінін, коалициялардың не шығынға жол ашатынын жақсы білемін» деді.
Сирия проблемасының шынайы және объективті түрде қолға алынғанда аймақтық мәселе ретінде қаралмайтынын білдірген Ердоған мұның енді бүкіл дүние жүзіне қатысы бар тақырыпқа айналғанын атап көрсетті. Президент Ресейдің Сирияда ДАИШ тысындағы топтарды нысанаға алған әуе шабуылдарын сынады. Ердоған тақырыпты орыс басшысы Путинмен сөйлесетінін айтты.
Президент «Осы тақырыптағы алаңдаушылығымды өзіне жеткіземін. Екі дос ел болсақ, осы тақырыпта басқан қадамдарын қайта қарап шығуын сұраймын. Ресейдің Сириямен шекарасы жоқ. Бірақ біздің 911 км шекарамыз бар. Соғыстан мен мазасызбын. Қазір екі миллион босқын бар елімде. Босқындар Ресейге барған жоқ. Ресей Сириямен неге осынша көп айналысады? Соны білгім келеді» деді.
Президент Ердоған БҰҰ Бас ассамблеясы жиналыстарында Түркия, Франция, Ұлыбритания, Сауд Арабиясы, Иордания және Катардың ДАИШ-ке қарсы ортақ күрес пікірінде екені көрінгенін айтты.
Израильдің Иерусалим және Акса мешітіндегі істеріне де тоқталған президент Израильдің тек Палестина халқыға ғана емес, бүкіл Ислам әлеміне қарсы қылмыс жасағанын атап көрсетті.
Президент Ердоған Мысырда демократиялық сайлаумен міндетке келген президент Мурсидің төңкеріс арқылы міндеттен алынуына байланысты «Мурси және жолдастарына қарсы жасалған бұл әділетсіздік жойылмайынша қалыпқа енді үдерісі болатынына сенбеймін» деді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар