Түркия барлық платформада белсенді рөл ойнады

Давутоғлұ журналисттердің сұрақтарына жауап берді

348122
Түркия барлық платформада белсенді рөл ойнады

Давутоғлұ Нью-Йоркта журналисттердің сұрақтарына жауап берді.
Премьер-министр Ахмет Давутоғлұ Нью-Йоркта журналисттердің сұрақтарына жауап берді.
Нью-Йоркта көп жақты саммиттер және екі жақты кездесулерін жалғастырғанын түсіндірген Давутоғоұ Түркияның барлық платформада белсенді рөл ойнағанын айтты.
Екі жақты кездесулер тұрғысынан Нью-Йорк зияратының өте маңызды екенін білдірген Давутоғлұ «Әсіресе Сирия және босқындар тақырыбы кездесулердің басты күн тәртібін құрауда. Түркияның террорға қарсы жүргізілген күрес мәселесінде көптеген ел қолдау көрсетуде» деді.
Давутоғлұ Франция Президенті Олланд, АҚШ Президенті Обама және Ұлыбритания премьер-министр Кэтронмен өткізілген кездесулерде үш лидердің де Түркияның қауіпсіз аймақ тақырыбындағы талаптарын орынды деп қарағандарына риза болғанын атап өтті.
Түркияның екі-үш жылдан бері осы талапты күн тәртіпке әкелгенін еске салған Давутоғлұ «Бұл Түркияның ұлттық мүддесімен байланысты бір талап емес. Керісінше босқындарды Сирия ішінде ұстай отырып, оларға Сирияда ең жақсы қызмет беріп босқындар мәселесін шешу» деді.
Түркия мен Ресей арасында террор ұйымы ДАИШ-пен күресу тақырыбында ақылдасу байланысының тереңдегенін баяндаған премьер-министр Сирия тақырыбында Түркия, Ресей және АҚШ-тың ортақ бір тұғыр көрсеткенін мәлімдеді.

 


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар