Тағы опасыз шабуыл...

5 полиция қызметкері шәйіт болды.

388258
Тағы опасыз шабуыл...

Хаккари мен Мардинде террор ұйымының опасыз шабуылы нәтижесінде 5 полиция қызметкері қаза тапты, үш қызметкер жараланды.

Шабуылдардың біріншісі Хаккари-Ван құрлық жолында болды. 

Террористтер жолға қолдан жасалған жарылғыш төсеп, полиция көлігін өтіп бара жатқанда жарды.


Оқиғада көліктегі екі полиция қызметкері шәйіт болды. Екеуі жараланды.


Мардиннің Нусайбин ауданында да жолға төселген жарылғыш көлік өтіп бара жатқанда жарылды. Үш полиция қызметкері шәйіт болып, бірі жарақат алды.


Жаралылар ауруханаға жеткізілді, террористтер ұсталуы үшін аймақта операция басталды.

 


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар