Рош Ха-Шана мерекесі құтты болсын

Ердоған мен Давутоғлұ Рош Ха-Шана мерекесін құттықтады.

349711
Рош Ха-Шана мерекесі құтты болсын

Президент Режеп Тайып Ердоған мен премьер-министр Ахмет Давутоғлұ жаңа жыл ретінде қабылданған еврей азаматтарының Рош Ха-Шана мерекесін құттықтады.
Президент құттықтауында «Яһудилік-ежелгі діндердің бірі. Еврей арасында таралған. Еврей дінінің маңызды бір мерекесі болған Рош Ха-Шана мерекесі құтты болсын. Түрлілікті байлық ретінде қараған, барша адам баласына көңіл бөлген және діни топтардың талай ғасырдан бері бейбітшілік ішінде өмір сүруіне мүмкіндік жасаған бір дінге сенген біз азаматтарымыздың өз мәдениетін, діні мен дәстүрін еркін түрде жалғастыруына қуанамыз» деген сөздер қолданды.
Премьер-министр Ахмет Давутоғлұ да жариялаған жолдамасында «Тарих бойынша еліміздің дамуына үлес қосқан еврей азаматтарымыздың Рош Ха-Шана мерекесін құттықтаймын. Баршасына адамдық, тыныштық және табысты бір жыл тілеймін» деді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар