Түркия Израильді айыптады

Түркия мұсылмандарды жәбірлегені үшін Израильді айыптады.

349288
Түркия Израильді айыптады

Түркия Харем-и Шерифке кіріп, мұсылмандар топтармен қақтығысқан Израильді айыптады.
Сыртқы істер министрлігінен жасалған мәлімдемеде «Израиль қауіпсіздік күштерінің 13 қыркүйек күні таңертеңнен бастап Харем-и Шерифке кіріп, ішіндегі мұсылман топтармен атысқандарын және мұсылмандардың кіруін қарумен тоқтатқандарын айыптаймыз» делінді.
Мәлімдемеде сонымен қатар «Израильдің Шығыс Иерусалимде ғибадат еркіндігін орнату жауапкерлігін орындауы, Харем-и Шерифтің мәртебесі және ғибадат еркіндігін аяқ астына алған заңсыз әрекеттерді дереу тоқтатуы керек» деген сөздерге орын берілген.

 


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар