ТИКА Ахысқа түріктеріне жәрдем беруде

ТИКА ахысқалықтардың ата мекенін зиярат етулеріне жәрдем берді.

386400
ТИКА Ахысқа түріктеріне жәрдем беруде

Түркия ынтымақтастық және үйлестіру агенттігі ТИКА Ахысқа түркілерінің өз ата мекеніне зиярат жасауларына қолдау көрсетуде.
ТИКА Грузияның Ахысқа аймағында дүниеге келген, сондай-ақ осы таңда Қырғызстанда өмір сүрген Ахысқалық әжелердің туып өскен ата мекенін зиярат етулеріне қолдау жасады.
Қырғызстан Ахысқа түркілері қоғамы төрағасы Шарад Шамилов Ахысқа түріктеріне ие шыққан түрік халқына, әсіресе Президент Режеп Тайып Ердоғанға Қырғызстанда өмір сүрген Ахысқа түріктері атынан алғыс айтты. Шамилов қарттардың кір жуып, кіндік кескен ата мекенін көрулері үшін осы зияратқа қолдау жасаған Түркия Республикасы Сыртқы істер министрлігіне және ТИКА басшыларына да рақмет айтты.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар