Түркия террорге лағінет оқыды

Мыңдаған азамат террорды лағнет етті.

376699
Түркия террорге лағінет оқыды

Түрік халқы Хаккари және Ыгдырдағы террор оқиғаларын жалпы Түркия бойынша ұйымдастырылған шеру арқылы айыптады.
Астана Анкарада «Шәйтке құрмет, террорге лағнет» атты шеру аясында Гази университеті Бешевлер қалашығы алдына жиналған қалың қауым қолдарына түрік байрақтарын ұстап Қызылайға шеру тартып жүрді.
Шерушілер Қызылайда шәйттерді үнсіз еске алды, ұлттық әнұран шырқады және дұға қылды.
Стамбулда да Үлкү Ошақтары ұйымының бастамасымен Межидиекөйде жиналған мыңдаған адам қолдарына түрік байрағын алып Бешикташ алаңына қарай шеру тартты.
Қалың қауым «Шәйттер өлмейді, Отан бөлінбейді» деген ұран салды.
Террор шабуылдарын Каһраманмараш, Йозгат, Хатай, Кония, Самсун, Карабүк, Токат, Кырыккале, Аксарай, Күтахия, Чанаккале, Бурса, Саракия, Балыкесир, Амасия, Тедизли, Айдын, Мугла және Измирде де айыптады. Мыңдаған азамат террорды лағнет етті.

 


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар