Ыгдырда опасыз шабуыл

Ыгдырдағы шабуылда 14 полиция шәйт болды

376453
Ыгдырда опасыз шабуыл

Дилужу шекара қақпасына барған полицияны тасымалдаған көлікке террорист шабуыл жасады.
Жолға төселген минаның жарылуы кесірінен 14 полиция шәйт болды, 3 полиция жарақат алды.
Опасыз шабуыл Ыгдыр мен Аралык ауданы арасындағы Хасанхан ауылы маңында жүргізілді.
Шабуылдан кейін аймаққа арнайы шыныққан полиция мен жандармерия жіберілді.
Дилужу шекара қақпасы жолдары қауіпсіздік салдарынан жабылды.
Сонымен қатар оқиғадан кейін Ішкі істер министрі Селми Алтынок Агдырға аттанды.

 


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар