Ердоған тікелей қосылымда сұхбат берді

Президент Тарабия сарайында жүзеге асқан тікелей қосылымда күн тәртібіне қатысты көзқарас бөлісті.

375505
Ердоған тікелей қосылымда сұхбат берді

Президент Ердоған террормен күрес кезеңінің тұрақтылықпен жалғасатынын атап көрсетті.
Ердоған негізінде террор ұйымының шешім үдерісін өздеріне қару-жарақ жинақтау кезеңі ретінде пайдаланғанын айтты.
Ердоған қауіпсіздік күштерінің ДАИШ, ПКК және DHKP/C террор ұйымдарына бағыттаған операциялары барысында қазірге дейін мыңдаған террористті жансыз қолға түсіргенін мәлімдеді.
Ердоған террорға қолдау берген саяси партияның белгілі екенін атап, террорға қарсы болған саяси партиялардың бірігіп ортақ бір блок құру керектігін меңзеді.
Президент Ердоған 1 қараша күні өткізілетін депутаттық сайлау жайлы қандай жағдайда болса да сайлаудың өткізілетінін атап айтты.
Хаккаридің Йүксекова ауданына қарасты Дағлыжа аймағына жасалған террор шабуылы туралы «Бұған беретін қарсылығымыз ауыр болмақ» деді.
Батыс дәл кезінде қозғалмағаны себепті Асадтың бүгін әлі билік басында екенін атап айтқан Ердоған Иран мен Ресейдің Сирия саясатын сынға алды.
Президент Ердоған мигранттар мәселесімен байланысты батыстың саяси ұстанымы себепті Жерорта теңізінің молаға айналғанын айтты.
Жерорта теңізіне жағалауы бар мемлекеттердің бұл мигранттарды қабылдағысы келмегенін білдірген Ердоған Түркияның шекарасынан өткен 2 миллионнан астам босқынды қонақ қылғанын мәлімдеді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар