Президент Ердоған Әлем банкі төрағасын қабылдады

Анкарадағы Үлкен-20 елдері саммиті үшін Түркияға келген Әлем банкі төрағасы Джим Ен Кимді қабылдады.

375226
Президент Ердоған Әлем банкі төрағасын қабылдады

Президент Режеп Тайып Ердоған Стамбұл Тарабия сарайында Анкарадағы Үлкен-20 елдері саммиті үшін Түркияға келген Әлем банкі төрағасы Джим Ен Кимді қабылдады.
Баспасөзге жабық өткен кездесу шамамен 1,5 сағатқа созылды.
Президент Ердоған Ұлттық Барлау Ұйымы кеңесшісі Хакан Фиданды да Хубер сарайында қабылдады.
Екі сағатқа жалғасқан Ердоған мен Фидан кездесуінің артынан кезкелген бір мәлімдеме жасалмады.
Президент Ердоған Бодрум жағалауында жансыз мәйіті табылған және әлемнің күн тәртібіне келген Айлан Күрдидің әкесі Абдуллах Күрдиге де телефон шалды.
Ердоған оқиғада әйелі мен 2 баласы қаза тапқан Абдуллах Күрдиге «Сол екі балапан сіздің болғандай біздің де баламыз еді. Сондай-ақ жұбайыңыз біздің қарындасымыз болатын» деді.
Күрди болса Ердоғанға Түркиядан Кобаниге жіберілген жәрдемдердің мұқтаждарға жеткізілуінде үлес қосқаны үшін алғысын білдірді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар