Түркия тарихында бірінші рет

Үкіметтің құрылуы үшін Атазаңға орай берілген 45 күндік мерзім бүгін аяқталады.

339199
Түркия тарихында бірінші рет

Үкіметтің құрылуы үшін Атазаңға орай берілген 45 күндік мерзім бүгін аяқталады.


Президент Ердоған сайлаудың қайталануы үшін өкілеттігін қолданады. Түркия алғаш рет бір сайлауды Уақытша министрлер кабинетімен өткізеді.


Президент Ердоған 63-ші үкіметті құру үшін Әділет және даму партиясы басшысы Ахмет Давутоғлуна 9 шілде күні міндет берді.


Давутоғолу РХП және ҰҚП –мен кездесулер жүргізіп, нәтиже ала алмады және міндеттің аяқталуына бес күн қалғанда президент Ердоғанға міндетті қайтарды.


Үкімет құру үдерісінің нәтижесіз аяқталуына орай Түркия тарихында алғаш рет бір президент сайлаудың қайталануы өкілеттігін қолданады.


Президент сайлау қайталануы үшін шешім бергеннен кейін бұл Министрлер кабинеті тарапынан 48 сағат ішінде жарияланады.


Шешім қабылдағаннан 90 күннен кейінгі бірінші жексенбі күні сайлау өткізілуі керек. Алайда Жоғары сайлау кеңесі осы мерзімді 60 күнде аяқтауды жоспарлап отыр.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар