Түркия BBC-ді айыптады

BBC-дің PKK террор ұйымы жөніндегі деректі фильмі наразылық туғызды.

336597
Түркия BBC-ді айыптады

Ағылшын медиа органы BBC-дің Түркияда лаңкестіктерін жалғастырып жатқан PKK террор ұйымы жөнінде түсірген деректі фильмі наразылық туғызды.


Түркия медиа органын қатаң айыптады.


Сыртқы істер министрлігінің хабарламасында мұндай жарияланымның қабылданбайтыны айтылып, «ЕО елдері бастаған көптеген ел террорист деп атаған бір ұйым жөнінде бұндай жарияланым терроризмге ашық қолдау деген сөз» деп жазылды.


Хабарламаға қарағанда, BBC Солтүстік Ирландияда полиция бөлімшесіне бомбалы шабуыл жасаған IRA жөніндегі саясатын PKK террор ұйымына да жүргізуі керек. Хабарламада «Осындай жарияланымдар террор ұйымдарының құрбандарының құқығын да аяққа таптайды» деп атап көрсетілді.


Хабарламада:
«PKK террор ұйымы тек соңғы бір айда 64 адамды өлтіріп, 350 адамды жаралады. 16 адамды алып қашты. Теміржолдары мен бөгеттерді өртеп, жол мен көліктерге шабуылдады. Террор ұйымдары терроризмге деген осы жауапкершіліксіз және екі жүзді көзқарас пен қолдаудан нәр алады. Аталмыш жарияланым осының нақты көрсеткіші» деп айтылды.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар