Интернетті әлеуметтік желі үшін қолданады

«Компьютерлік технологияны қолдану зерттеуінің» қорытындысы жарияланды.

332760
Интернетті әлеуметтік желі үшін қолданады

Түркия Статистика мекемесінің «Компьютерлік технологияны қолдану зерттеуінің» қорытындысы жарияланды.


Зерттеуге қарағанда Түркияда 16-74 жас аралығында интернет қолданушылар 55,9 пайыз.


Интернетті жүйелі түрде қолданушылардың көрсеткіші болса 94,2 пайызға көтерілді.


Интернетті қолдану мақсаттары арасында бірінші орынды әлеуметтік желі алды.


Интернет қолдану мақсаттары назарға алынғанда биылғы жылдың алғашқы үш айында интернет қолданушыларының 80,9 пайызы әлеуметтік желіде профиль қалыптастырып, хабарлама жолдап немесе сурет бөліскен. 70,2 пайызы жаңалық, газет немесе журнал оқыған. 66,3 пайыз қолданушы болса интернетті денсаулыққа байланысты дерек іздестіру үшін қолданған.


Азаматтардың интернет арқылы тауар немесе қызмет сұранысын беруінің көрсеткіші болса 33,1 пайыз.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар