Премьер-министрлік Дағлыджа шабуылы жайлы мәлімдеме жасады

Дағлыджадағы шабуылға дәл кезінде тойтарыс берілді.

315415
Премьер-министрлік Дағлыджа шабуылы жайлы мәлімдеме жасады

Хаккариде Құрлық күштері қолбасшылығы 7-ші шекара қолбасшылығы Дағлыджа әскери базасына жасалған шабуылдың артынан көтерілген F-16 жойғыш ұшақтар террористтер бар нысаналарды жойды.
Премьер-министрлік координация орталығынан жасалған мәлімдемеге қарағанда бөлшектеуші террор ұйымы мүшесі бір топ террорист екі рет Дағлыджа әскери базасына минометпен шабуылдады.
Террористтердің шабуылына база аймағындағы күштер тарапынан дереу қарсылық берілді. Аталмыш шабуылда кезкелген бір шығын болмады.
База аймағына жасалынған екінші шабуылда миномет оқтарынан бірінің Дағлыджа ауылына құлауы себепті алты жасар қыз бала аяғынан жарақат алды.
Йүксекова мемлекеттік ауруханасына жеткізілген қыз емделуде.
Қыз баланың жарақат алуының артынан Түрік әуе күштеріне тиесілі F-16 жойғыш ұшақтары көтеріліп, террористтер қоныстанған нысаналарды жойды.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар