Хаккариде бір әскери қызметкер шәйіт болды

Түрік қарулы күштері қастандықты қатаң түрде айыптады.

305469
Хаккариде бір әскери қызметкер шәйіт болды

Хаккаридің Шемдинли ауданында жүзіне маска жамылған террористтің қарулы шабуылына ұшыраған сержантЗия Сарпкая шәйіт болды.
Басынан жарақат алған Сарпкая ауруханаға жеткізілсе де құтқарыла алмады.
Қашқан террористті ұстау үшін аймаққа көптеген қауіпсіздік қызметкері жіберілді.
Түрік қарулы күштері жазбаша жариялағаны мәлімдемесінде шабуылды айыптады.
Мәлімдемеде «Адамгершілігі қалмаған, қанішерлер тарапынан жасалған бұл қастандықты айыптаймыз. Шәйітімізге Алланың рақымшылығын, жанұясы мен Түрік қарулы күштері қызметкерлеріне көңіл айтамыз. Алла сабыр берсін» делінді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар