Ішкі істер министрлігі мәлімдеме жасады

Түркияның Шанлыурфа қаласындағы террор шабуылының артынан Ішкі істер министрлігінен мәлімдеме келді.

382723
Ішкі істер министрлігі мәлімдеме жасады

Министрлік шабуылда алғашқы мәліметтерге қарағанда 28 адамның қаза тапқанын, 100-ге жуық адамның да ауруханаларға апарылғанын мәлімдеді.
Министрлік мәлімдемесінде сағат 12:00-де жасалған шабуылдың артынан аймаққа көптеген денсаулық сақтау қызметкері мен техникалық топтар жіберілгені жарияланды.
Шабуыл қатаң түрде айыпталған мәлімдемеде «Қаза тапқан азаматтарға Алланың рақымшылығын, жанұяларына көңіл айтамыз. Жаралылардың тез жазылуына тілектеспіз» делінді.
Ішкі істер министрлігі қауіпсіздік күштері тарапынан аймақта қажетті барлық шаралардың қабылданғанын мәлімдеді.
Мәлімдемеде сондай-ақ «еліміздің бірлік пен бүтіндігін нысанаға алған бұл террорлық шабуыл алдында баршаны бірігуге және сабыр сақтауға шақырамыз» делінді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар