Жаңа үкіметтің қалыптасуы үшін келіссөздер басталды

Давутоғлу бүгін Ұлтшыл Қозғалыс партиясы басшысы Девлет Бахчелимен бас қосады.

380113
Жаңа үкіметтің қалыптасуы үшін келіссөздер басталды

Түркияда жаңа үкіметтің қалыптасуы үшін келіссөздер басталды.


Премьер-министр Ахмет Давутоғлу алдымен Республика халық партиясы (РХП) басшысы Кемал Кылычдароғлумен кездесті.


Давутоғлу кездесуден кейін баспасөз мәслихатында «Кылычдароғлу мен тобына Түркияның үкіметсіз бір минутты да қабылдамайтынын, өзара сенімге сүйенетін мықты үкіметтің тез арада құрылуын тілейтінімізді айттым» деді.


Кездесу жылы атмосферада өтті. Давутоғлуның айтуынша екінші тур қарсаңында делегациялар да кездесу өткізеді.


Давутоғлу бүгін де Ұлтшыл Қозғалыс партиясы (ҰҚП) басшысы Девлет Бахчелимен бас қосады.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар