Түркия ДАИШ-ке қарсы ортақ күрес жүргізеді

Ердоған «ДАИШ-ке қарсы бірге күрес жүргіземіз» деді.

378132
Түркия ДАИШ-ке қарсы ортақ күрес жүргізеді

Президент Режеп Тайып Ердоған Түркияның террор ұйымы ДАИШ-ке қарсы күрес жасауда бекімді екенін айтты.
Президент «Түркия шекараларының маңында әрі террордың қанат жаюына, әрі басқа күштердің былықпа туғызуына рұқсат бермейміз» деді.
Президент Ердоған Түркияда міндет атқарған өкілетті және төтенше елшілермен ауызашарда бас қосты. Президент бұл жерде сөйлеген сөзінде ДАИШ-ке қарсы ортақ күрес жасаудың маңызына тоқталды.
Ұйымның жауыздық әрекеттерін тағы бір мәрте айыптаған Президент «Сирияда демографиялық жүйенің өзгертілуіне әсте рұқсат бермейміз. Халықаралық қауым Сирияға тек ДАИШ тұрғысынан қарамау керек. Сирия режимін қорғағандардың халықаралық аренада орны болмауы керек» деді.
Президент Ердоған Шинжаң ұйғыр автономиялық аймағында ұйғырларға бағытталған қысымдармен байланысты бұның Қытай үкіметіне жеткізілгенін айтты.
Ердоған осы айдың аяғында Қытайға жасалатын зияратта да Түркияның осы тақырыптағы сезгірліктерін жеткізетінін түсіндірді.

 


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар