"Партиямыз жаңа бір сайлауға дайын"

Премьер-министр Анкараның Гөлбашы ауданындағы ауызашарда жастарға үн қатты.

338428
"Партиямыз жаңа бір сайлауға дайын"

Премьер-министр Ахмет Давутоғлу Анкараның Гөлбашы ауданында Әділет және даму партиясы жастары ұйымдастырған ауызашарға қатысты.
Премьер-министрдің күн тәртібінде ерте халық сайлауы тақырыбы орын алды.
Давутоғлу «Коалиция үкіметін құру талпыныстары нәтижесіз қалған жағдайда қайтадан халықтың алдына шығамыз, партиямыз жаңа бір сайлауға дайын» деді.
Премьер-министр орынбасары Али Бабаджан болса партиясының Аксарайдағы ауыз ашарына қатысты.
Президенттің Әділет және даму партиясы басшысы ретінде премьер-министр Ахмет Давутоғлуна үкіметті құруға тапсырма беруімен алда 45 күндік бір кезең бар екенін атап айтқан Бабаджан шынайы және ізгілікпен коалиция үкіметін құруға әрекет жасайтындарын білдірді.
«Түркияны үкіметсіз және биліксіз қалдырмаймыз» деген Бабаджан «Халықтың еркі коалицияның құрылуы жөнінде болса біз бұған құрмет көрсетіп, бар күшімізді жұмсаймыз» деді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар