«Азшылық үкіметі шара болмайды»

Президент бұрынғы депутаттарға ауызашар берді.

327544
«Азшылық үкіметі шара болмайды»

Президент Реджеп Тайып Ердоған сайлаудан кейінгі үкімет коалициялары сценарийлеріне байланысты ұстанымын «Азшылық үкіметі шара болмайды» деп көрсетті.


Ердоған Президенттік сарайда түрлі партиялардан бұрынғы депутаттарды ауызашарда қонақ қылды.


500-ден көп депутат қатысқан ауызашарға бұрынғы премьер-министрлер Йылдырым Акбулут пен Месут Йылмаз да қатысты.


Президент Ердоған осында сөйлеген сөзінде коалицияға орын берді, қазіргі үдерісті «емтихан» деп атады.


«Осы емтиханнан сүрінбей өтетіндер алдағы кезеңде сыйлығын халықтан алады деп сенемін. Осы үдерісте өз саяси және жеке мүдделерін ел мен ұлттың мұқтаждықтарынан артық санайтындар да ұлтымыздан қажетті жауабын алады. Азшылық үкімет Түркияның проблемаларына шара болмайды деп сенемін» деді ол.


Президент коалиция үдерісінің жақсы өтуін қалайтынын айтып, «Президент ретінде жауапкершілігімді атқарудамын, атқаруды да жалғастырамын» деді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар