Мәжілісте ант беру басталды

Ант беру рәсімінен кейін мәжіліс төрағасын сайлау үшін үдеріс басталады.

315682
Мәжілісте ант беру басталды

Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі 7 маусым күнгі сайлаудан кейін ант беру үшін бас қосты.


Мәжіліс төрағасы Джемил Чичек міндетін 25-ші кезеңнің жасы үлкен депутаты Дениз Байкалға уақытша тапсырды.


Байкалдың мәжілісті ашу баяндамасынан кейін депутаттар әліпби кезегіңмен ант бере бастады.


Ант беру рәсімінен кейін мәжіліс төрағасын сайлау үшін үдеріс басталады.


Өтініштер беріліп, артынан мәжіліс төрағасы 29 маусым-3 шілде күндері арасында сайланады.


Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі төрағасы сайланған күні президенттің Министрлер кабинетінің отставкасын қабылдағаны және жаңа үкімет құрылғанға дейін міндетін жалғастыруы жөніндегі нұсқауы мен министрлер кабинетінің қайтадан құрылуы үшін міндеттендіру өкімі оқылады.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар