Ердоғаннан батыс елдеріне наразылық

Ердоған Ислам әлемінің қиын кезеңінде батыстың қос стандарт жүргізгенін сынады.

313174
Ердоғаннан батыс елдеріне наразылық

Президент Режеп Тайып Ердоған Ислам әлемінің қиын кезеңінде батыстың қос стандарт жүргізгенін сынады.


Президент Ердоған Мысырдың төңкерісшіл генералдері бұйырған соң Әл Жазира арнасы тілшісінің Германияда тұтқынға алынғанын айтты.


Ислам әлемінің қиын кезеңнен өтіп жатқанына назар аударған президент осы үдерісте батыс әлемінің емтиханнан өте алмай қалғанын айтты.


Ердоған Германияда террор ұйымына мүше мыңдаған адамның құжаттары мен айғақтары берілгеніне қарамастан әртүрлі істерін жүргізуді жалғастырғанын, Германияның да бұған көз жұмыс отырғанын айтты.


Ердоған «Әрі сөз бостандығы туралы айтады, әрі Мысырдың генералдерінің бұйрығы бойынша маңызды журналисті тұтқынға алады» деді.


Президент Ердоған террормен күресте Түркияның жалғыз тасталғанын да атап көрсетті. 


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар