Чанаккаледе 83 келімсек ұсталды

Чанаккале қаласында заңсыз жолдардан шетелге өтуге әрекет жасаған 83 мигрант ұсталды.

307527
Чанаккаледе 83 келімсек ұсталды

Галлиполь Аудандық полиция басқармасы топтары күдікті 3 кіші автобусты аудан кірісінде тоқтатты.
Көліктерде жасалған бақылау нәтижесінде Ауғанстан, Бурма, Пәкістан, Сирия және Үндістан текті 83 келімсек ұсталды.
Грекияның Лесбос (Мидилли) аралына өтуге әрекет жасағандары анықталған келімсектерді шекарадан шығару үшін Айваджыктағы Шетелдіктерді кері қайтару орталығына жіберілді.
Түрік текті 3 жүргізуші болса тергеуге алынды.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар