Ердоған мен Путин кездесуде не сөйлесті?

Президент Ердоған Путинмен кездесуі жайында мәлімдеді.

303462
Ердоған мен Путин кездесуде не сөйлесті?

Президент Режеп Тайып Ердоған Ресей президенті Владимир Путинмен кездесуінің егжей-тегжейіне тоқталды.
Салмақты түрде Түркия мен Ресей арасындағы ынтымақтастықтың қолға алынғанын атап айтқан Ердоған 1915 жылғы оқиғалармен байланысты тақырыптар мен алдында Кеңес Одағының осы тақырып жайлы ұстанымын әңгімелескендерін білдірді.
Путинмен өткен кездесуінде Сирия тақырыбының да күн тәртіпке келгенін айтқан Ердоған «Сирияға қатысты күн тізбені белгіледік» деді.
Сирияның Түркия шекарасына жақын аймақтардың АҚШ басшылығындағы коалиция күштеріне қарасты жойғыш ұшақтар тарапынан бомбаланғанына назар аударған Ердоған әсіресе Тель-Абяд аймағында арабтар мен түрікмендердің нысанаға алынғанын 15 мың араб пен түрікменнің Түркияға өткенін атап айтты.
Ердоған саналы түрде арабтар мен түрікмендердің аймақтан кетуі үшін жасалған бұл операциямен босатылған аймақтарға террор ұйымы PYD мен PKK ның орналастырылғанын атап көрсетті.
Ердоған «Бұл жақсылық әкелмейді. Бұл шекарамызға қауіп төндіретін бір құрылым деген сөз. Осы тақырыптағы тұғырымызды барша назарға алу керек» деді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар