Түркияда сайлау

Түрік халқы бүгін сандыққа жүгінді.

295231
Түркияда сайлау

Түрік халқы бүгін сандыққа жүгінді.


Түркия көлемінде 20 саяси партия мен 165 тәуелсіз үміткер мәжіліске кіру үшін жарысты.


53 миллион 765 мың 231 сайлаушы мәжілістің жаңа мүшелерін анықтайды.


Ел көлемінде таңертең сағат 08-де басталған дауыс беру сағат 17-де аяқталды.


Президент Режеп Тайып Ердоған дауысын жұбайы Эмине Ердоған және қызы Сүмеййе Ердоғанмен бірге Стамбулда қолданды.


Сайлауға қатысу көрсеткішінің жоғары екенін айтқан президент мұның мықты демократияның белгісі екенін атап көрсетті.


Премьер-министр Давутоғлу дауысын Кония қаласында қолданды. Жұбайы Саре Давутоғлу мен осы сайлауда бірінші рет дауыс қолданған баласы Мехмет Давутоғлу Анкарада дауыс берді.
Түркия мәжілісінің төрағасы Джемил Чичек Анкарада, Ұлтшыл Қозғалыс партиясы төрағасы Девлет Бахчели, вице-премьер Ялчын Акдоған, Бас штаб төрағасы Неждет Өзел де Анкарада дауыс берді.


Халықтардың Демократиялық партиясының тең төрағасы Селахаддин Демирташ Стамбулда, екінші тең төрағасы Фиген Юксекдаг болса Ванда дауыс берді.


Радиолар мен түрлі медиа органдары кешкі сағат 18-ге дейін сайлау жөнінде хабар жарияламады. Сағат 18-21 арасында тек Жоғары сайлау кеңесінің хабарлары мен хабарламалары жарияланады.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар