Түркия парламент мүшелерін сайлауда

Сайлауда 53 миллион 765 мың 231 сайлаушы дауыс береді.

294898
Түркия парламент мүшелерін сайлауда

Түркияда 20 саяси партия мен 165 тәуелсіз үміткер Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісіне (ТҰҰМ) кіру үшін жарысады.
53 миллион 765 мың 231 сайлаушы 25-ші кезең парламенттің мүшелерін сайлайды.
Ел көлемінде сағат 08:00-де басталған жалпыхалықтық сайлау 17:00-ге дейін жалғасады.
Президент Режеп Тайып Ердоған жұбайы Эмине Ердоған және қызы Сүмеййе Ердоғанмен бірге Стамбұл Үскүдарда Саффет Челеби орта мектебінде дауыс қолданды.
Сайлауға көптеген адамның қатысқанын атап көрсеткен Ердоған мұның мықты демократияның көрсеткіші екенін айтты.
Премьер-министр Ахмет Давутоғлу мен жұбайы Саре Давутоғлу Конияда дауыс берсе, биыл тұңғыш рет дауыс берген баласы Мехмет Давутоғлу Анкарада қолданды.
Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі төрағасы Жемил Чичек Анкара Гөлбашында, Ұлтшыл қозғалыс партиясы төрағасы Девлет Бахчели, Премьер-министр орынбасары Ялчын Акдоған және Бас Штаб басқармасы төрағасы генерал-лейтенант Неждет Өзел де Анкарада дауыс қолданды.
Халықтардың демократия партиясы тең төрағасы Селахаттин Демирташ Стамбұл Сұлтанбейлиде, екінші тең төраға Фиген Йүксекдағ да Ванда дауыс берді.
Теледидар мен радиолар саяси жарнама, сайлау және қорытындысы жөнінде болжам жасап, хабар тарата алмайды.18.00-21.00 сағаттары арасында тек қана Жоғары сайлау кеңесінің (YSK) сайлауға қатысты жаңалықтары мен жарнамаларына орын беріледі.
21:00-ден кейін сайлау туралы эфирлер еркін жіберіледі. Дегенмен Жоғары сайлау кеңесі рұқсат берген жағдайда 21:00-ден бұрын да трансляция органдарына хабар таратуға рұқсат беріле алады.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар