Министр Ислам Түркия Үні Радиосына қонақ болды

Отбасы және әлеуметтік саясаттар министрі Айшенур Ислам қамқоршы жанұя бағдарламасын таныстырды.

292090
Министр Ислам Түркия Үні Радиосына қонақ болды

Отбасы және әлеуметтік саясаттар министрі Айшенур Ислам шетелде өмір сүрген түріктерге қызмет беретін колл-центрдің ашылғанын білдірді.
Отбасылық кеңес беретін колл-центрге әлемнің жан-джағынан +90 312 253 93 00 нөмірлі телефон арқылы хабарласуға болады.
Айшенур Ислам шетелде министрлікке қарасты алғашқы өкілдіктің де Германияның Дюссельдорф қаласында ашылғанын айтты.
ТРТ Түркияның үні радиосының «Күн тәртібі» атты арнайы бағдарламасына қонақ болған және департамент басшысының орынбасары Мүмтаз Диздардың сұрақтарына жауап қайтарған Айшенур Ислам министрлік қолдаумен отбасыларға берілетін қызмет сапасының уақыт өткен сайын жетілетінін атап көрсетті.
«Көңіл елшілері» жобасы аясында шетелде өмір сүрген түріктердің ерікті қамқоршы жанұя болуының маңызына назар аударған министр Ислам «Түрік азаматы балаларымыз басқа бір түрік немесе мұсылман жанұяға қамқоршы жанұялық аясында беріле алады. Осы үшін жұмыстарымыз жалғасуда» деді.
Ислам қамқоршы жанұя болғысы келгендерді өмір сүргендері елдердің тиісті мекемелеріне өтініш беруге шақырды.
Балаларының түрік немесе мұсылман болмаған жанұяларға берілгенін осы үшін де әртүрлі уайымдар туғызғанын түсіндірген Айшенур Ислам осы үшін шетелде өмір сүрген түріктердің қамқоршы жанұя ретінде өтініш берулерінің аса маңызды екеніне назар аударды.
Туу жәрдем ақылары туралы да мағлұмат берген Ислам 15 мамыр күнінен кейін дүниеге келген балалар үшін біріншісіне 300, екіншісіне 400 және кейінгілеріне 600 лирадан туу жәрдемі жасағандарын еске салды. Бұл жәрдемдердің түрік азаматы шеше немесе әкеге, әр екеуі де түрік азаматы болса шешеге төленетінін білдірді.
Министр Ислам Түркияда өтініштердің 81 қаладағы Отбасы және әлеуметтік саясаттар министрлігі қалалық басқармаларына шетелде болса Консулдықтарға жасалатынын атап көрсетті.
Жетім балалар мен мұқтаж әскер жанұялардың балаларына жасалатын жәрдемдердің де төлене бастағанын атап көрсеткен Айшенур Ислам 18 жастан кіші және мұқтаж жағдайдағы жетім балалар мен әскер балаларына 1 маусым күнінен бастап айына 100 лирадан төлене бастағанын хабарлады.
Отбасы және әлеуметтік саясат министрі Айшенур Ислам премьер-министр Давутоғлу тарапынан өткен айларда жарияланған отбасы пакетіне сәйкес Түркияда өмір сүрген әр жанұяның бір кеңесшісі болатынын, осы аяда 7 мың әлеуметтік қызмет маманын жұмыспен қамтамасыз ететіндерін атап көрсетті.
Ислам 18 жастан кіші балалардың бір заңды некемен бейресми үйлендірудің алдын алу үшін тиісті заңға реттеу енгізілетінін атап айтты.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар