Денсаулық сақтау министрлігі көп жұмыс істеуде

Денсаулық сақтау министрлігі 6 тіл және 26 аудармашы арқылы қызмет істеуде

295739
Денсаулық сақтау министрлігі көп жұмыс істеуде

Денсаулық сақтау министрі Мехмет Мүеззиноғлұ Халықаралық қолдау бөлімшесінде 6 тіл және 26 аудармашы арқылы қызмет істегендерін айтты.
Мехмет Мүеззиноғлұ Бурсада Түркияның үні радиосына берген сұхбатында түрік және шетелдіктердің Халықаралық қолдау бөлімшесіне Әлемнің әр тарапынан 4440 27 28 нөмірлі телефонмен жалғануға болатынын білдірді.
Мехмет Мүеззиноғлұ бөлімшеде ағылшын тілі, неміс тілі, орыс тілі, француз тілі, араб тілі және парсы тілімен берілген қызметтің 26 аудармашы арқылы жүзеге асырылғанын атап өтті.
Мүеззиноғлұ Түркияның медициналық туризмінде әлемнің алдыңғы қатарында орын алу үшін жұмыс істегендерін түсіндірді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар