Түркия 2014 жылы Палестинаға 76.3 миллион доллар жәрдем жасады

Сыртқы істер министрлігі мәлімдемешісі Танжу Билгич Палестина жәрдемдері жөнінде мәлімдеме жасады.

291255
Түркия 2014 жылы Палестинаға 76.3 миллион доллар жәрдем жасады

Сыртқы істер министрлігі мәлімдемешісі Танжу Билгич Газаға бағытталған гуманитарлық және өркендеу мақсатты жәрдемдердің үздіксіз жалғасатынын мәлімдеді.
Танжу Билгич 2014 жылы Палестинаға Түркия жасалған жәрдемдердің жалпы 76.3 миллион АҚШ долларын құрағанын атап көрсетті.
Билгич жалпы жәрдемдердің 59 миллион 200 мың долларының мемлекет, 17 миллион 100 мың долларлық бөлігінің де азаматтық қоғамдар тарапынан жасалғанын білдірді.
Газаға бағытталған және өркендеу мақсатты жасалған жәрдемдердің жалғасатынын атап айтқан Сыртқы істер министрлігі мәлімдемешісі «2015-2017 жылдарын қамтитындай 200 миллион АҚШ доллары көлемінде жәрдем жіберілетіні уәде етілді» деді.
Премьер-министрлік Апат және төтенше жағдайлар басқармасы АФАД пен Түрік Қызылайы арқылы Түркиядан Палестинаға жеткізілген жәрдемдердің жалпы көлемі 369 миллион долларға ұласты.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар