Түркияның Босния-Герцеговинаға жәрдемдері жалғасуда

Түрік әскері Ябланицадағы Мамандандыру лицейінің тас өңдеу мамандығына қажетті материалдарды сатып алды.

289018
Түркияның Босния-Герцеговинаға жәрдемдері жалғасуда

Босния-Герцеговинада ұзақ жылдардан бері бейбітшілік пен тыныштықты қамтамасыз еткен түрік әскері жетілдірген жобалармен босниялықтарға әр салада қолдау беруде.
Азаматтық және әскери жобалар аясында Ябланица Мамандандыру лицейінің тас өңдеу мамандығы үшін қажетті материалдар сатып алынды.
Дәстүрлі тас өнері уақыт өткен сайын ұмытыла бастаған елде Османлыдан қалған осы мұраны жандандыру мақсат етіледі.
Барлығы 24 бөлек материалдан тұратын құрал-жабдықтар арасында компрессорлар, спиральдер, арнайы балғалар мен тас өңдеу жұмыстарында қолданылған арнайы шегелер бар.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар