Ибрахим Калынның мәлімдемесі

" АҚШ және Еуропа елдері құр қол отырмауы керек"

285275
Ибрахим Калынның мәлімдемесі

Президенттік аппараттың бас хатшысының орынбасары және баспасөз хатшысы Ибрахим Калын АҚШ-та ТРТ арнасына сұхбат берді.


ИШИМ-мен күрес, Сириядағы гуманитарлық трагедияға байланысты мәлімдеме жасаған Калын Түркияның Сирияның болашағына байланысты АҚШ, Шығанақ елдері және ЕО елдерімен келісім ішінде екенін айтты.


Оның айтуынша, Сирияның болашағында енді Асад болмайды. Оны барша біледі. Түркия ұшуға тыйым салынған аймақ, сенімді аймақ және жабдықта-жаттықтыр бағдарламасын ұсыну арқылы әсіресе Сирия оппозициясының нығайтылуын бағытында маңызды қадам басты.


Түркия Сириялық босқындарға қажетті көмекті беріп жатыр. Ал АҚШ және Еуропа елдерінің де құр қол қарап отырмауы керек.


Бүгінгі таңда Түркияда екі миллионға жуық босқын бар екенін, ал Еуропа құрлығында 150-160 мың ғана сириялық босқын бар екенін білдірген Ибрахим Калын «500 миллиондық Еуропа құрлығы босқындарды қабылдай алмауы түсініксіз жағдай. Бұл адамзат трагедиясына үнсіз қалу деген сөз» деді.


Ибрахим Калын АҚШ-та ашылатын Түрік Американ Ислам мәдениет орталығына байланысты да орталықтың мұсылмандардың өздерін жақсы таныстыруына жақсы үлгі болатынын айтты.
Калын жақында хабар тарата бастайтын TRT World арнасы арқылы Түркияның әлемге ашылатынын білдірді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар