Түркия Непалға көмектесуде

Апат және төтенше жағдай басқармасы AFAD Катмандуға 4 тонна материал жолдады.

281579
Түркия Непалға көмектесуде

Түркия екі мәрте жер сілкінісі болған Непалға көмек беруде.

Премьер-министрлік Апат және төтенше жағдай басқармасы AFAD Катмандуға 4 тонна материал жолдады.


AFAD төрағасы Фуат Октай Стамбулдағы Ататүрік атындағы әуежайында өткен баспасөз мәслихатында 4 тонна материалмен бірге барлығы 20 тонна гуманитарлық көмектің Непалға жолданғанын айтты. Айырықша Түркиядан 121 адамдық іздеу-құтқару және медициналық топ та аймақта қызмет көрсетуде.


AFAD Мьянмадан қашып, теңіздің ортасында қайықтарда қалған мұсылмандарға да көмек беруде.


Осы арада Йеменге де 2400 құтыдан тұратын азық-түлік жіберілді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар