Президент Режеп Тайып Ердоған Босния-Герцеговинада

Президент Ердоған бір күндік ресми сапар аясында Босния-Герцеговинаға барды.

281987
Президент Режеп Тайып Ердоған Босния-Герцеговинада

Босния-Герцеговина президенттік кеңес төрағасы және мүшелерімен бас қосатын Ердоған Өкілдер мен Халықтар Мәжілісі басшылық алқасы мүшелері, Министрлер Кеңесі төрағасы мен орынбасарын қабылдайды.
Президент Ердоған Түркия Зираат Банкі тарапынан Босния-Герцеговина үшін бөлінген 50 миллион евролық несиені бекіту рәсіміне де қатысады.
Ердоған Босния-Герцеговинадағы мәдени мұраның сақталуына бағытталған жұмыстар аясында Қорлар Бас директорлығы жөндеуден өткізген Иса Бей Исхакович моншасы мен жөндеу жұмыстары ТИКА тарапынан жасалған Хүнкар мешітінің ашылу рәсіміне қатысады.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар