Мүеззиноғлұ мен Грее кездесті

Мехмет Мүеззиноғлұ Германияға барды.

265014
Мүеззиноғлұ мен Грее кездесті

Герман Грее «Түркияда медицина саласында жасалған инвестицияларды ризашылықпен қадағалап отырмыз» деді.
Денсаулық сақтау министрі Мехмет Мүеззиноғлұ Германиядағы сапары аясында астана Берлинде неміс әріптесі Герман Греемен кездесті.
Екі министр медицина саласында ынтымақтастық жасауды мақұл көрген Ортақ ниет хаттамасына қол қойды.
Министр Мүеззиноғлұ хаттамаға қол қойғаннан кейін Германияммен медициналық білім беру жөнінде ортақ жобалар дайындағысы келгенін айтты.
Мүеззиноғлұ Медициналық ғылымдары университеттерімен бірге медициналық білім беру саласында және медициналық қызметтерінде әрі Түркия, әрі Германия азаматтарына бірқатар жаңалық әкелетінін атап өтті.
Германия Денсаулық сақтау министрі Герман Грее де Түркияда медициналық саласында жасаған жұмыстарын қадағалап отырғанын білдіріп, әсіресе Сириялық босқындарға жасаған медициналық қызметтеріне таң қалғанын баяндады.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар