Түркия-Еуроодақ Ортақтық комитеті жиналады

Түркия-Еуроодақ ортақтық комитетінің 123-ші кезекті жиналысы Брюссельде өтеді.

255075
Түркия-Еуроодақ Ортақтық комитеті жиналады

Түркия мен сол кезеңнің Еуропа экономикалық тобы арасында 1964 жылы 1 желтоқсан күні іске қосылған Анкара келісімі аясында құрылған Түркия-Еуроодақ ортақтығын техникалық тұрғыдан қадағалау комитетінің жиналысы ертең басталады. Комитет жиналысында ортақтық кезеңі және келіссөздердегі соңғы жаңалықтар мен кейбір мәселелердің қолға алуы күтіледі.
Комитеттің күн тәртібінде «Келіссөз кезеңі», «Саяси және экономикалық ережелер», «Жоғары деңгейде экономикалық келіссөздер», «Әділет және ішкі істер», «Қоршаған орта және климат өзгерісі», «Энергия келіссөздері», «Қатынас», «Кеден Одағы және Сауда тақырыбы», «Салық жеңілдігі» және «Мүшелік алдында қаржы жәрдемі құралдары» тақырыптары орын алады.
Жиналысқа түрік өкілдерге қоса, Еуроодақ мүшесі мемлекеттер мен Еуроодақ Кеңесі және Еуроодақ комиссиясының лауазымдылары қатысады.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар