Әскери архивтерімізді ашуға дайынбыз

Президент әскери архивтерді ашуға дайын екенін айтты.

247706
Әскери архивтерімізді ашуға дайынбыз

Президент Режеп Тайып Ердоған Түркияның 1915 жылғы оқиғаларымен байланысты әскери архивтерімізді ашуға дайын екенін айтты.
Президент Ердоған Дарданель Жеңісінің 100-ші жылдығы аясында Стамбул Конгрес Орталығында ұйымдастырылған Бейбіт саммитінде Бірінші Дүниежүзілік соғысының жасырынды түрде жалғасқанын білдіріп, тыныш пен тұрақтылықтың орнатылуы үшін халықаралық ынтымақтастықтың шарт екенін атап өтті.
Ердоған Армян диаспорасының 1915 оқиғалары жөніндегі пайымдаулардың мүлде негізсіз болғанын баяндап, Еуропа Одағына үндеу тастады.
Президент Ердоған «Бір миллионға тарта құжат пен мұрағаттың бар екенін әрқашан айтып келдік. Біз әскери архивтерімізді ашуға да дайынбыз. Бұл туралы қорықпаймыз. Өйткені біздік аталарымыздың жамандық жасамағанына кәміл сенеміз» деді.



Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар