Гөрмез Ислам әлеміндегі дағдарыстарға назар аударды

Дін Істері Басқармасы төрағасы 'Қасиетті Мәуліт апталығы'на орай құттықтау жариялады.

242549
Гөрмез Ислам әлеміндегі дағдарыстарға назар аударды

Дін істері басқармасы төрағасы Мехмет Гөрмез Әзірет Мұхаммед туған аптасы ретінде қабылданған ‘Қасиетті Мәуліт апталығы’на орай Конияда ұйымдастырылған іс-шараларға қатысып, Ислам әлеміндегі дағдарыстарға назар аударды.
Кониядағы жиналыста сөз алған Гөрмез «Ислам әлемі аймағындағы өрт тарауда» деді.
Тыныштық және қауіпсіздік ортасы болуға тиісті аймақтардың соғыстар себепті бұл ерекшелігін жоғалтқанын атап айтқан Мехмет Гөрмез «Мұның алдында бірге өмір сүру ақлақын әлемге үйреткен мұсылмандар Ирак, Сирия, Мысыр, Йемен және Ливияда бір-бірін қыра бастады» деді. Гөрмез Әзірет Мұхаммед орнатқан құқық, әділет, бейбітшілік және заңдарға қоса, бірге өмір сүруді қайта орнатып, ие шығуға шақырды.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар