Чавушоғлұ АҚШ-та

Чавушоғлұ мұсылман қауым өкілдерімен кездесті.

242200
Чавушоғлұ АҚШ-та

Сыртқы істер министрі Мәвлүт Чавушоғлұ әріптесі Джон Керридің шақыруы бойынша АҚШ-қа барды.
Мэриленд провинциясындағы Түрік-Америка мәдениет орталығын зиярат еткен Чавушоғлұ жұмыстар жүнінде мағлұмат алды.
Министр Чавушоғлұ одан кейін мұсылман қауым өкілдерімен түскі аста бас қосты.
Бұл жердегі баяндамасында исламофобияға назар аударған Чавушоғлұ «Өкінішке орай Әл-Кайда мен ИШИМ сынды террор ұйымдары жалпы әлемдегі мұсылмандардың абыройын түсіруде. Барлығымыздың міндеті америкалықтарға ИШИМ-нің бір мұсылман мемлекет емес екенін түсіндіру» деді.
Чавушоғлұ 24 сәуір күніне аз уақыт қалғанда жүзеге асырған зияратта армян диаспорасының белсенді түрде Түркия мен Исламға қарсы жұмыстар істеп жатқанын да еске салды.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар