Еуропа парламенті төрағасы телефон шалды

Шульц дауға айналған шешімнің өзі жоқта қабылданғанын айтты.

238887
Еуропа парламенті төрағасы телефон шалды

Еуропа парламенті төрағасы Шульц Давутоғлуға телефон шалды.


Еуропа парламенті төрағасы Мартин Шульц премьер-министр Ахмет Давутоғлуға телефон шалып, 1915 жылғы оқиғаларға байланысты шешімнің өзі жоқта қабылданғанын айтты.
Шульц Түркияның осы тақырыптағы көзқарасын білетінін және наразылығын да түсінетінін атап көрсетті.


Премьер-министр Давутоғлу болса Шульцқа аталмыш шешімді Түркияның қабылдамайтынын айтты.


Еуропа парламентінің шешімін «дәйексіз» деп атаған Давутоғлу шешімнің ЕО-Түркия қатынасына зиян келтіретінін, Түркия мен Армения арасындағы келісім ынталарына да теріс әсер ететінін атап көрсетті.


Давутоғлу айырықша Еуропа елдерін Армения мен армян диаспорасы арасында келісім жүргізуге шақырды.
Түркия бұдан бұрын бірнеше рет проблемаға айналған осы тақырыптың зерттелуі үшін Арменияны ортақ тарих комиссиясын құруға шақырған болатын.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар