Ердоған Түркістанда

Түрік президенті БҰҰ-ға наразылығын қайталады.

239749
Ердоған Түркістанда

Президент Режеп Тайып Ердоған халықаралық жүйенің өзгеруі үшін барлық платформада сөйлеп келгенін, наразылықтарын білдіргенін айтты.


Ресми сапармен Қазақстанда жүрген Ердоғанға Ахмет Ясауи Университетінің құрметті докторлық атағы берілді.


Ердоған Түркістан қаласында сөйлеген сөзінде БҰҰ-ға деген наразылықтарын қайталады. «Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты бес мүшесі әлемнің тағдырын өз қолына ала алмайды. Себебі әлем бестен үлкен» деді ол.


Ердоған жаһандық ұжданды оятқанға дейін осы пікірлерін айтуды жалғастыратынын білдірді.


Ердоған рәсімнен бұрын Қазақстан мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевпен бірге Қожа Ахмет Ясауи кешенесіне барып, қалада Дін істер басқармасы тарапынан салынған мешітті ашты.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар