Мәжіліс төрағасы Ресейде

Чичек Татарстанда да байланыс жүргізеді.

235296
Мәжіліс төрағасы Ресейде

Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің төрағасы Джемил Чичек ресми сапармен Ресейде.


Джемил Чичек пен қасындағы делегацияны Түркияның Мәскеудегі өкілетті елшісі Үмит Ярдым мен елшілік қызметкерлері қарсы алды.
Чичек Ресейдегі ресми кездесулері аясында Ресей парламентінің төменгі қанаты Дума төрағасы Сергей Нарышкин және жоғары қанаты Кеңес төрағайымы Валентина Матвиенкомен бас қосады.


Кейіннен Ресей Федерациясына қарасты Татарстан Республикасына да баратын Чичек Қазан қаласында Татарстан Мемлекеттік кеңесінің төрағасы Ферид Мұхамедшин және Татарстан президенті Рүстем Миннихановпен де кездеседі.


Сапар барысында Татарстан Мемлекеттік кеңесі мен Түркия мәжілісі арасында ынтымақтастықты дамытуға бағытталған меморандумға қол қойылады.
Мәжіліс төрағасы Қазан Университетінде студенттермен бас қосады.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар