Басшылар «Қасиетті мәуліт» апталығында бас қосты

Әзірет Мұхаммед пайғамбар дүниеге келген «Қасиетті мәуліт» апталығы басталды.

234511
Басшылар «Қасиетті мәуліт» апталығында бас қосты

Түркия Әзірет Мұхаммед пайғамбар дүниеге келген «Қасиетті мәуліт» апталығын тойлауда.
Дін істері басқармасы «Қасиетті туған күн» апталығына орай Стамбұл Конгресс орталығында бағдарлама ұйымдастырды.
Президент Режеп Тайып Ердоған, премьер-министр Ахмет Давутоғлу және Республикашыл халық партиясы төрағасы Кемал Кылычтароғлу «Әзірет пайғамбар және бірге өмір сүру ақлақы» тақырыпты бағдарламада бас қосты.
Президент Режеп Тайып Ердоған жасаған баяндамасында Ислам атын қолданған лаңкестік ұйымдардың дінге Ислам дұшпандарынан көп зиян келтіргенін атап «Мәзхаб қақтығыстары Ислам әлемін одан көп бөлшектейді» деді.
Ислам әлеміндегі қақтығыстарға назар аударған Ердоған Ирак, Сирия, Палестина және Йемендегі оқиғалардың тек қана әртүрлі мәзхабтар арасындағы қақтығыстар екенін атап көрсетті.
Президент «Біздің «сүннит» деген бір дініміз жоқ. Біздің «шиа» деген бір дініміз де жоқ. Біздің ортақ бір дініміз бар. Ол – Ислам діні. Мұны былай қабылдауымыз керек» деді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар